×

Ақтөбеде құны 80 млн теңгеден асатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 03.07.2023 | 13:20
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде құны 80 млн теңгеден асатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 1 шілдеде ПД ЖПҚБ қызметкерлері «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Мал базары» маңындағы Богословка тасжолында 32 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз 2110 көлігін тоқтатқан. Көлікте 38 жастағы жолаушы болған. Жүксалғыштағы қаптан ақбөкеннің 31 дана мүйізі табылды. Тәркіленген мүйіздер бойынша сараптама тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тәркіленген ақбөкен мүйіздерінің қайдан алынғаны анықталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама