×

Шортанды ауданында ЖШС операторы 2 500 тонна жанар-жағармай ұрлаған

Полицейлер ЖШС-ның барлық қызметкерінен жауап алды

 Динара Амантай 03.07.2023 | 10:45
Фото: polisia.kz

Ақмола облысының полицейлері жанар-жағармай материалдарын ұрлау ісін тергеп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 27 маусымда Шортанды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті ЖШС директорының 2023 жылғы мамыр мен 27 маусым аралығында 2 мың 500 тонна жанар-жағармай материалдарының жоғалғаны туралы арыз түскен. Осы іске қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ЖШС-ның барлық қызметкерінен жауап алды. Нәтижесінде осы ЖШС-да оператор болып жұмыс істеген 53 жастағы ер адамды анықтады. Оның іске қатысы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама