×

Енді қашықтан оқытуға талап қойылады

Бүгінде онлайн-білім беру саласын дамыту маңызды

 Дәурен Ерболат 30.06.2023 | 14:13
Фото: ТАСС

Қазақстанда қашықтан оқытудың сапасын арттыру үшін талаптар әзірленіп жатыр, деп хабарлады Қазақстан стандарттау және метрология институтының баспасөз қызметі.

Әлемде семинарлар, курстар мен білім беру бағдарламаларының виртуалды кеңістікке көшуіне байланысты қашықтан оқытудың сапасын арттыру маңызды болып тұр.

Институт «Білім беру және оқыту саласындағы қызметтер. Қашықтан оқытуға қойылатын талаптар» ұлттық стандартын әзірлеу арқылы онлайн-білім беру саласын дамытуға елеулі үлес қосуға ұмтылады.

Қашықтан оқыту әр оқушының мұқтаждығына қарай икемделу мен бейімделуге, сондай-ақ әлемнің кез келген нүктесінен кез келген уақытта оқу материалдарына ыңғайлы қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ұлттық стандарттың негізгі мақсаты интернеттегі сабақтарды жай ғана қайталау емес, соңғы технологиялар ұсынатын мүмкіндіктерді барынша пайдалану болып саналады. Жаңа стандарт осы саладағы қызметтердің сапасын бағалау өлшемшарттарын белгілей отырып, қашықтан оқытуды дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді, - деді ҚазСтандарттың бас директоры Ғабит Мұхамбетов.

Ұлттық стандарт ISO 29994:2021 халықаралық стандартының өзекті нұсқасы негізінде әзірленеді. Бұл Қазақстандағы онлайн-білім беру саласына халықаралық озық тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама