×

Ақтөбеде көлік пен скутердің соқтығысуы салдарынан жасөспірім қаза тапты

Тағы бір жігіт ауруханаға жатқызылды

 Динара Амантай 29.06.2023 | 14:39
Фото: bugin.kz

Ақтөбеде жеңіл көлік пен скутердің соқтығысуы салдарынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Ақтөбе қаласында Әбілқайыр хан даңғылының бойында, Нұр-Ғасыр мешітіне қарама-қарсы жерде Ваз 21103 автокөлігі мен кәмелетке толмаған баланың басқаруындағы скутер соқтығысқан. Салдарынан скутердің жүргізушісі – 17 жастағы жасөспірім Ақтөбе қаласының Балалар ауруханасына жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан жансақтау бөлімшесінде қайтыс болды. Скутердің жолаушысы – 19 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды.

 ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама