×

Қызылорда облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Сондай-ақ 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды

 Динара Амантай 29.06.2023 | 13:11
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 27 маусымда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағындағы Шымкент – Самара тас жолында Chevrolet Lanos және Lexus ЕS300 автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан 3 адам көз жұмған. Сондай-ақ 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама