×

СҚО прокуратурасы спорт мектептерін тексеріп жатыр

Бюджетке 6,8 млн теңге қайтарылып, 14 адам жауапкершілікке тартылды

 Дастан Жұмабекұлы 29.06.2023 | 12:38
фото: Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Олимп» және «Дельфин» балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметіне байланысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру кезінде спорт мектептерінде адамдарды жұмысқа заңсыз орналастырып, оларға негізсіз еңбекақы төлеу фактісі, балалардың киім ауыстыратын бөлмелер мен спорттық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілмегені анықталды.

Осыған байланысты облыс әкімдігінің атына және дене шынықтыру және спорт басқармасына қадағалау актілері енгізілді.

Қадағалау актілерінің қорытындысы бойынша бюджетке 6,8 млн теңге қайтарылып, 14 адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды, 4 адам қызметінен босатылды, 2 адам біліктілік санаттарынан айырылды. Оның ішінде дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы С.В. Мелехов сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еңбек заңнамаларының нормаларын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еңбекақыны негізсіз есептеу бөлігіндегі, ақша қаражатын негізсіз жинау, жұмысқа жалған құжатпен орналастыру бойынша материалдар құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау үшін (ПБ, ЭТД) берілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы Петропавл қаласының полиция басқармасымен бірігіп, дәрігердің спортшылардың жарыстарға жарамдылығы туралы қол қою үлгілерін қолдан жасау фактілері мен банктерге қайырымдылық көмек көрсету туралы хаттары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама