×

Халық бұрын әкімді іздесе, қазір депутатты іздейді – Қошанов

Қоғамдық сана мен әлеуметтік құндылықтар өзгеруі керек

 Дәурен Ерболат 29.06.2023 | 11:58
Фото: Telegram/AMANAT

Мәжіліс және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партия атынан сайланған мәслихат депутаттарының республикалық форумында сайлаушыларға берген уәделердің орындалуы керектігін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан мен Адал азамат» концепциясын ұсынған.

Әділет пен адалдық – ажырамас ұғымдар. Ал осы ұғымдардың салтанат құруы үшін қоғамдық сана мен әлеуметтік құндылықтар өзгеруі керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз. Бұл бізге де қатысты. Осы жолда AMANAT партиясы барлық игі істің алғы шебінде жүруге тиіс, - деді төраға.

Ерлан Қошанов қазақстандықтардың билікке орындалмайтын талап қойып отырмағанын атап өтіп, оның орындалуына депутаттардың өз үлесін қосуы керектігін айтты.

Қазір онсыз да қоғамның сұранысы күшейді. Алайда азаматтар бізден орындалмайтын нәрсені сұрап отырған жоқ. Олар берген уәдеміздің уақытында әрі сапалы орындалуын, реформалардың нақты нәтижесін тағатсыздана күтіп отыр. Олай болса, депутаттардың бел буып жұмысқа кірісетін шағы келді. Бұл, әсіресе, мәслихат депутаттарына қатысты. Сіздер – партияның жергілікті жердегі өкілісіздер. Бүкіл өңірлік саясатқа ықпал етесіздер. Сіздердің мойындарыңыздағы жүк жеңіл емес.

Бұрын халық әкімді іздейтін, қазір депутаттан сұрайды. Не жағдай болса да «AMANAT қайда?» дейді. Оны өздеріңіз де сезініп жатқан шығарсыздар? Біз осы сынаққа дайын болуымыз керек», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама