×

Атырауда 100 келіге жуық бекірені заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді

 Динара Амантай 29.06.2023 | 11:42
Фото: polisia.kz

Атыраулық полицейлер 100 келіге жуық бекіре балықтарын заңсыз тасымалдаған күдіктіні анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 21 маусымда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ғаббас Берғалиев көшесі бойында орналасқан ғимараттың алдында бекіре тұқымдас балықтарды тасымалдау кезінде 1996 жылы туған қала тұрғынының басқаруындағы Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылған. Тінту кезінде көліктің артқы салонынан салмағы 99,9 келі болатын 4 полиэтилен пакеттегі 29 дана бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. ҚР ҚК-нің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама