×

Ұлық мейрам рухани құндылықтарымызбен бірге жасай бермек – Әлихан Смайылов

Премьер-министр қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады

 Динара Амантай 28.06.2023 | 12:09
Фото: tirshilik-tynysy.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Құрметті отандастар! Сіздерді жер бетіндегі күллі мұсылман үмбеті үшін қасиетті мереке – Құрбан айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Ежелден елдің ынтымағы мен мерейін асыратын, адам баласын татулық пен ауызбіршілікке шақыратын ұлық мейрам әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш лебін сыйлайды. Ізгілікке, қайырымды істерге жол ашады. Сондықтан да ол әрбір жанның жүрегінен ерекше орын алады. Біздің рухани құндылықтарымызбен бірге жасай бермек. Әрдайым отбасының берекесі мен елдің игілігі үшін жасаған ниеттеріңіз қабыл болсын. Құрбан айт үйлеріңізге құт-береке алып келсін. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін! – деді Әлихан Смайылов.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтағанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, оның атынан құрбандық шалынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама