×

Қарағандыда ҚАЖ қызметкері сотталғанды өлімнен құтқарды (ВИДЕО)

Механикалық асфиксия туындаған

 Динара Амантай 28.06.2023 | 11:05
Фото: polisia.kz

Қарағандыда ҚАЖ қызметкері кәмпитке қақалып қалған сотталғанды құтқарып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №29 мекеме жасақтарының бірінде тәрбие жұмысын жүргізуге арналған бөлмеде бір сотталғанның тамағына кәмпит тұрып қалған. Салдарынан тыныс алу жолдарының бітеліп қалып, механикалық асфиксияны тудырды.

Тұншығып, есінен танып жатқанда сотталғанды байқаған Азамат Мергенгожин бірден көмекке келіп, сотталушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазір сотталған азаматтың денсаулығы бірқалыпты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама