×

Жетісу облысында мұғалімдер жол апатына ұшырады

Қазір бір азамат жансақтау бөлімінде жатыр

 Еркеғали Болатұлы 26.06.2023 | 18:12
фото: ашық дереккөз

Жетісу облысында 2 мұғалім мен мектеп қызметкерлері жол апатына түсіп, әртүрлі дене жарақатын алған, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы.

Бұл ретте 4 азамат Көктөбе орта мектебінің оқушылар лагерін жөндеу жұмыстарына жұмылдырылған. Алғашқы әскери дайындық пен информатика пәндерінің ұстаздары және күзетшілері жөндеу жұмыстарына қатысқаннан кейін қайтып бара жатқанда автокөлікпен аударылған.

Қазір бір азамат жансақтау бөлімінде. Қалған 3 адамның денсаулығына қауіп жоқ. Ал Ескелді аудандық білім бөлімінің өкілдері жол апатына түскен азаматтар балалар лагеріне әкелінген жиһазды түсіруге көмектесуге өз еркімен келген деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама