×

Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер елден шығарылды (ВИДЕО)

Көші-қон заңнамасын бұзудың 405 дерегі анықталса, оның 281-ін шетел азаматтары жасаған

 Еркеғали Болатұлы 25.06.2023 | 16:16
фото: видеодан скриншот

Алматының көші-қон полициясы «Нелегал» іс-шарасын өткізіп жатыр. Жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстаннан 40 шетелдік шығарылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Құқық қорғау өкілдерінің айтуынша, көші-қон заңнамасын бұзудың 405 дерегі анықталса, оның 281-ін шетел азаматтары жасаған. Сондай-ақ шетелдіктердің елімізде болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, жұмыс беруші 9 отандасымыз шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған.

ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 192 шетел азаматы орналастырылды. Сонымен қатар іс-шара барысында заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама