×

Қарағандыда 4-қабаттан құлаған қыз тірі қалды

Денсаулық сақтау басқармасы оның жағдайы туралы түсінік берді

 Еркеғали Болатұлы 25.06.2023 | 15:50
фото: ашық дереккөз

Қарағандыда 4-қабаттағы балконнан құлаған 25 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға бүгін, яғни 25 маусымда Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Әлеуметтік желілерде куәгердің бейнежазбасы тарады. Онда дәрігерлердің жапа шегушіні тексеріп, ауруханаға алып кеткенін байқауға болады. Денсаулық сақтау басқармасы оның жағдайы туралы түсінік берді.

Науқастың миына зақым келген. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама