×

«Бір ғана атбегі бар»: Қостанай жылқылары жойылудың алдында тұр

Қазір ат зауытында небәрі 47 жылқы қалған

 Халық үні 23.06.2023 | 11:02

Қазақтың әлемдік стандартпен сертификатталған жалғыз төл тұқымы – Қостанай жылқысы жойылып кетудің алдында тұр. Қазір ат зауытында небәрі 47 жылқы қалған. Елімізде шошқаның бір басына 8 млн теңге бөлінсе, Қостанай жылқысына қаражат қарастырылмаған. 2014 жылдан бастап мемлекеттен қаржылық қолдау алынып тасталған. «Ұлттық спорт федерациясының» вице-президенті Тастанбек Есентаев «Сұрауы бар» ютуб-арнасына берген сұқбатында жылқы зауытының қазіргі жағдайын айтып берді.

Көріп, жағамды ұстадым. Ішінде бір ғана атбегі, бір ғана жокей жүр. Зауыт 1960 жылдардан бері жаңартылмаған. Айдағаны 5 ешкі, ысқырығы жер жарады. «Жылқыны тізгіндеген халықпыз» деп кеудемізді соғамыз. Іске келгенде, көп дүниені бағалай алмай жүрміз, - деді Тастанбек Есентаев.

Атбегілердің айтуынша, Қостанай жылқысының бойы кейінгі уақытта 15-20 сантиметрге қысқарған. Ал 47 жылқы тұрған зауыттағы лаборатория жұмыс істемейді, сондай-ақ мамандар жетіспейді. Қазір зауытқа жан бітіру үшін арнайы стратегиялық жоспар әзірленген. Сол арқылы зертханалар ашып, халықаралық стандартқа сай ипподромдар жасау көзделіп отыр.

Биыл Қостанай жылқыларының арасында 5 рет бәйге өтеді. Оған қауымдастықтан 80 миллион теңге бөлінді. Тек Қазақстан емес, Ресейдегі қазақтар да бәйгеге келіп жатыр. Осы арқылы төл тұқымға деген қызығушылық пен сұраныс артады, - деді Тастанбек Есентаев.

Айта кетейік, Қостанай жылқыларының нарықтағы орташа бағасы – 1 миллион теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама