×

Баянауыл тауларынан зейнеткер құтқарылды

Оның миы шайқалып, қабырғасы зақымданған

 Динара Амантай 23.06.2023 | 09:32
Фото: Павлодар обл. ТЖД баспасөз қызметі

Баянауыл тауларында биіктен құлаған зейнеткер құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 маусымда сағат 21.36-да «Жасыбай» демалыс аймағында тауда бір адам аяғын сындырып, түсе алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына альпинистік жабдықтары бар 5 құтқарушы, бір техника және кинологиялық есептоп дереу жолға шықты.

Құтқарушылар таулардан ер адамды іздеп тапқан кезде, ол ес-түссіз болған. Оның таудан, биіктіктен құлағаны анықталды. Оны байқап қалған демалушылар, дереу құтқарушыларға хабарлаған.

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері СОБР қызметкерлерімен, Павлодар облысы ПД учаскелік инспекторларымен бірлесіп, зардап шегушіні жерден 200 метр биіктіктен қөтеретін арнайиы зембілдерді пайдаланып жерге түсіріп, жедел жәрдем қызметтеріне тапсырды.

1958 жылы туған ер адам миы шайқалып, іш қабырғасына зақым келген. Ол Баянауыл орталық ауруханасына жатқызылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама