×

Қостанайда 6 млн теңге бопсалаған жастар ұсталды

Олар жәбірленушіні ұрып соққан

 Дәурен Ерболат 22.06.2023 | 17:07
Фото: polisia.kz

Қостанай қаласының полициясы жергілікті тұрғыннан 6 млн теңге талап еткен 18 мен 20 жастағы күдіктілерді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Олар 21 жастағы жергілікті тұрғыннан 6 млн теңге талап еткен. Күдіктілер жәбірленушіні жалға алынған пәтерде ұстаған. Сондай-ақ оны қала сыртына шығарып, ұрып-соғып, өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді, – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.
 

Бопсалаушылар жәбірленушіні ұрып-соққаннан кейін 1 млн теңгені иемденген. Осыған қарамастан олар оңай пайда табуды көздеп, ақша талап етуді әрі қарай жалғастыра берген.

Жәбірленуші полицияға арызданды. Күдіктілер іздестіріліп, ұсталды. Қазір Қылмыстық кодекстің 194-бабы, 3-бөлігі және 126-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бүгінде топтың екі мүшесі қамауға алынды. Үшіншісі үй қамауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама