×

Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылады

Жөндеу жұмыстары 15 шілдеге дейін жүргізіледі

 Дәурен Ерболат 22.06.2023 | 11:33
Фото: Halyq Uni

Елордада Шұғыла көшесінің учаскелері ішінара жабылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қордай көшесінің бір бөлігінде де көлік қозғалысы толық тоқтайды.

Сұлукөл көшесіндегі тұрғын үйлерді орталық жылумен қамтамасыз ету үшін Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы Шұғыла көшесіндегі жылу трассасын салу жобасы аясында жұмысқа кірісті.

Осыған байланысты 22 маусымнан 15 шілдеге дейін Шұғыла көшесінің Нұрғиса Тілендиев даңғылынан Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскелері кезең-кезеңмен ішінара жабылады, –  деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама