×

Абай облысында білім беру ұйымдары қызметкерлеріне 17,7 млн теңге үстемақы төлемеген

Прокуратура 1 мыңнан аса адамның құқығын қорғады

 Динара Амантай 21.06.2023 | 12:53
Фото: ашық дереккөз

Абай облысында білім беру ұйымдары қызметкерлеріне 17,7 млн теңге үстемақы төлемеген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осы жылдың өзінде облыс прокуратурасы қабылдаған шаралармен Бородулиха және Үржар аудандарындағы білім беру ұйымдарының 1 мың 300 қызметкерінің 2022 жылғы 17,7 млн теңге көлемінде жәрдемақы алу құқығы қорғалды.

Мәселен, 2021 жылы ШҚО-ның Білім басқармасы мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы арасында әлеуметтік әріптестік туралы келісім жасалды. Оған сәйкес мемлекеттік мекемелердің біліктілігі жоқ жұмыскерлеріне оңалту үшін жалақы мөлшерінде жыл сайынғы еңбек демалысы үшін үстемақы төленеді.

Осы келісімнің орындалмауына байланысты прокурорлық қадағалау актісімен аталған жәрдемақыны төлеу қамтамасыз етілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама