×

«Қазақтелеком» модемді жалға беру кезінде қолданушылардың құқығын бұзған

Компания монополияға қарсы органның талабын ескеріп, құрылғыны жалға алуды міндеттемейтін болды

 Халық үні 21.06.2023 | 11:08
Фото: Абзал Қалиев

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қызметін қолданатын қазақстандықтар интернетке қосылу үшін енді өз құрылғысын пайдалана алады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана бойынша департаменті «Қазақтелеком» АҚ «iD Net» қызметі бойынша интернетке кіру үшін ONT құрылғыларын жалға беру қызметін тексерді. Жұмыс барысында компания абоненттерге модемді жалға алуды міндеттегені анықталды.

Мұндай жағдайда азамат өзінде құрылғы болса да, оны пайдалана алмайды.

Осылайша агенттік клиенттің интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін алу үшін өзінің сертификатталған абоненттік құрылғыларын пайдалану құқығына қатысты норманы бұзған.

Осыған байланысты «Қазақтелекомға» бұзушылық белгілерін жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жіберілді. Оның ішінде тұтынушыларға өз жабдықтарын пайдалануға мүмкіндік беру туралы ескертпе де бар, - деп хабарлады агенттік.

Ресми ақпарат бойынша, компания ескертулерді орындады. Енді азаматтар өз жабдығын пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама