×

Ақтөбеде скутер жүргізген зейнеткер бір әйелді қағып кетті (ВИДЕО)

73 жастағы ер адамға хаттама толтырылды

 Динара Амантай 20.06.2023 | 17:01
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбеде скутердегі зейнеткер бір әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 15 маусымда Сәңкібай батыр даңғылында скутердегі ер адам жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан кейін скутердің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті.

Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында 73 жастағы зейнеткерді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама