×

Германия президенті қазақстандықтар үшін виза талаптарын жеңілдетуге қатысты ойын айтты

Мәселе еуропалық ведомстволар деңгейінде қарастырылады

 Динара Амантай 20.06.2023 | 15:26
Фото: t.me/aqorda_resmi

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан азаматтары үшін виза талаптарын жеңілдету мәселесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Франк-Вальтер Штайнмайердің айтуынша, екі ел азаматтарының виза алуына байланысты талаптарды жеңілдету маңызды мәселе болып отыр. Дегенмен, ол еуропалық ведомстволар деңгейінде шешіледі.

Қазақстан азаматтарының Германияға келуін және Германия азаматтарының Қазақстанға келуін анағұрлым жеңілдететін мүмкіндіктерді қарастыруға біз де мүдделіміз. Өзіңізге мәлім, виза мәселесі Еуропалық Одақ деңгейінде, еуропалық ведомстволар деңгейінде қарастырылады. Сондықтан біз бұл мәселе бойынша ЕО ұстанымын құптаймыз, – деді Германия президенті.

Еске сала кетсек, Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер елімізге іс-сапармен келді. Екі ел басшысы кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, кейіннен БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама