×

Талдықорғанда әкімдік пен полиция ғимаратына шабуыл ұйымдастырған екі азамат анықталды

Бас прокуратура осындай мәлімдеме жасады

 Айнұр Шошаева 25.04.2022 | 15:30
фото: ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысы әкімдігі мен Талдықорған қалалық полиция департаментіне шабуыл ұйымдастырған екі азамат анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Прокуратура Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау және оларды жауапқа тарту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.

4 қаңтарда Алматы облысында жеке адамға қарсы қылмысы үшін сотты болған «А» және «С» есімді азаматтар қиратулар, мүліктерді жою және билік өкілдеріне қарсы күш қолдануды ұйымдастыру жайлы алдын ала сөз байласқан. 5 қаңтарда аталған адамдар әлеуметтік желілер арқылы Талдықорғандағы шағын ауданда 400 адамды жинап, оларға облыс әкімдігін басып алу үшін толық нұсқау берген, - деді Қилымжанов ОКҚ брифингі барысында.

Оның айтуынша, ұйымдасқан топ орталық алаңға барған. Жолда тастармен және металл кесінділерімен қаруланған. 

«Агрессивті топ қолда бар құралдар көмегімен полиция қоршауын бұзып, облыс әкімдігінің ғимаратын өртеген. Қол жеткізген нәтижелермен тоқтамай, «А» және «С» жазаланбайтынын сезіп, топқа тағы 500 адамды қосып, одан әрі Талдықорған полиция басқармасының ғимаратын басып алуға барған. Олардың қылмыстық әрекеттерінен полиция ғимараты 80 пайызға жойылған», - деп толықтырды Елдос Қилымжанов.

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғандағы тәртіпсіздіктерді қаржыландырған екі азамат анықталды. Қаңтар оқиғасы кезінде әлеуметтік желі арқылы нұсқау таратқандар іздестіріліп жатыр. Қаңтар оқиғасы: 255 қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталды. Қаңтарда қиратылған Елбасы ескерткіші сол күйі тұр. Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайының ұшу-қону жолағындағы жарықты сөндірген адам анықталды

2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы басқа қалаларда да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты. Осы жағдайға байланысты барлық аймақта төтенше жағдай режимі енгізіліп, президент Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. Тоқаев «Алматыға 20 мың террорист шабуылдады» деген пікір айтты. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бейбіт тұрғындар, күш құрылымдары қызметкерлері көз жұмып, жарақаттанды. Ғимараттар, көліктер қиратылып, бизнес зардап шекті. Қазір бірқатар шенеунік ұсталып, билікте ауыс-түйіс жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама