×

Қаңтар оқиғасы: 255 қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталды

Осы істер бойынша жәбірленушілерге келген шығынның 95 млн теңгесі қайтарылған

 Ербол Тұрымбет 19.04.2022 | 12:55
коллаж: Halyq Uni

Тергеушілер 402 айыпталушыға қатысты 255 қылмыстық істі айыптау актісімен аяқтап, сотқа жолдаған. Бұны бүгін ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов брифингте айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның мәліметінше, осы істер бойынша жәбірленушілерге келген шығынның 95 миллион теңгесі қайтарылған. Олардан бөлек, 323 күдікті күзетпен ұстаудан босатылған. 

Сондай-ақ қазір ішкі істер органдарында бұрын қабылданған шешімдерден басқа, 158 адамға қатысты ұрлық, заңсыз қару айналымы, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру сынды 1 260 қылмыстық іс бар.

Ал ұрланған қару-жараққа келсек, азаматтар өз еркімен 125 қару тапсырған. Бұдан өзге заңсыз сақталған немесе тіркелмеген 1460 қару мен 35 мыңнан астам оқ-дәрі тартып алынған.

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төленді. Қаңтар оқиғасы: Талдықорғандағы тәртіпсіздіктерді қаржыландырған екі азамат анықталды. Қаңтар оқиғасы кезінде әлеуметтік желі арқылы нұсқау таратқандар іздестіріліп жатыр.

2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы басқа қалаларда да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты. Осы жағдайға байланысты барлық аймақта төтенше жағдай режимі енгізіліп, президент Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. Тоқаев «Алматыға 20 мың террорист шабуылдады» деген пікір айтты. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бейбіт тұрғындар, күш құрылымдары қызметкерлері көз жұмып, жарақаттанды. Ғимараттар, көліктер қиратылып, бизнес зардап шекті. Қазір бірқатар шенеунік ұсталып, билікте ауыс-түйіс жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама