×

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төленді

Ұлттық экономика министрлігі төленген қаражат көлемін жариялады

 Ербол Тұрымбет 19.04.2022 | 09:30
фото © Әсет Құндақбаев

Алдын ала деректер бойынша, Қаңтар оқиғасы салдарынан 1 630 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі зардап шеккен. Оларға шамамен 38,6 млрд теңге көлемінде залал келген.

Министрлік мәліметінше, әзірге соның ішінде 1 491 ШОК субъектісі жалпы көлемі 8,3 млрд теңге төлем алған. 

Жалпы, каңтардағы тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен ШОК субъектілерін қолдау мақсатында мынадай жедел шаралар қабылданған: 

  • ШОК субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу;
  • жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;
  • салықтық және кедендік тексерулер мен басқа да шаралар тоқтатылған.

Президенттің ШОК-тың 2030 жылға дейінгі жаңа даму стратегиясын айқындау тапсырмасына байланысты шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы әзірленген.

Тұжырымдама ережелерін іске асыру 2030 жылға дейін:

  • ЖІӨ-дегі ШОК үлесін – 40%-ға дейін;
  • ЖІӨ-дегі орта кәсіпкерлік үлесін – 20%-ға дейін;
  • ШОК-та жұмыспен қамтылғандар санын – 5 млн адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы басқа қалаларда да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты. Осы жағдайға байланысты барлық аймақта төтенше жағдай режимі енгізіліп, президент Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. Тоқаев «Алматыға 20 мың террорист шабуылдады» деген пікір айтты. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бейбіт тұрғындар, күш құрылымдары қызметкерлері көз жұмып, жарақаттанды. Ғимараттар, көліктер қиратылып, бизнес зардап шекті. Қазір бірқатар шенеунік ұсталып, билікте ауыс-түйіс жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама