×

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 170,3 млрд теңге жәрдемақы алды

Қаржылай көмек 540 мыңнан аса отбасыға берілді

 Динара Амантай 20.06.2023 | 10:01
Фото: matritca.kz

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы орта есеппен алғанда 543,3 мың отбасыға берілді. Олар 170,3 млрд теңге жәрдемақы алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мамырда 553,8 мың отбасына 34,8 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленген.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 мың 304 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 мың 138 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 мың 973 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 мың 807 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 мың 800 теңге мөлшерінде.

Еске сала кетсек, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама