×

Түркістан облысында көршісіне сенген ер адам 8 млн теңгесінен айырылды

Қазір күдікті сотқа дейін тергеліп жатыр

 Динара Амантай 19.06.2023 | 15:08
Фото: zhasalash.kz

Түркістан облысында көршісіне сенген адам 8 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық бойынша арызданған. Ер адамның айтуынша, оның көршісі мал қора сатып алып беремін деп сендіріп, алаяқтық жолмен 8 млн теңге ақшасын жымқырып, бір жыл бойы алдап келген.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеуге алды. Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Анықталғандай, күдікті қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Сондай-ақ ол осындай жалған уәде беріп, тағы бір тұрғынды алдап үлгерген.

Қазір күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу болып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама