×

Қостанайда әйелін бірнеше рет пышақтап кеткен ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Қазір 41 жастағы әйел қалалық ауруханаға жатқызылды

 Динара Амантай 19.06.2023 | 10:32
Фото: видеодан скриншот

Қостанайда бейнебақылау камераларының көмегімен үй ауласында әйелін бірнеше рет пышақпен жарақаттаған ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 16 маусымда «102» пультіне Қостанай қаласы аудандарының бірінің ауласында 47 жастағы мас ер адамның жанжал кезінде әйеліне бірнеше рет пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамның белгісіз бағытта, көлікпен қашып кеткендігін анықтады. Көліктің маркасы мен нөмірін оқиға куәгерлері көріп, полицейлерге хабарлады. Дереу полиция нарядтары бағдарланып, облыс орталығының аумағында «Ұстап алу» жоспарын енгізу туралы шешім қабылданды.

Бейнебақылау камераларын қарау барысында жедел басқару орталығы инспекторы Тойсұлу Жанатова көшелердің бірінде Geely көлігін көрді. Полицейлердің келісілген әрекеттерінің арқасында күдікті ұсталды. Одан пышақ табылды. Қазір 41 жастағы әйел қалалық ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-тармағының («Денсаулыққа ауыр зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама