×

Жетісу облысында көлік 4 жасар баланы қағып кетті

Бүлдіршін жансақтау бөліміне жеткізілді

 Динара Амантай 17.06.2023 | 11:02
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында 4 жасар бала көлік астына түсіп қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Көксу ауданы Мұқыры ауылында автокөлік 4 жастағы баланы қағып кеткен. Жолдың көлік жүретін бөлігінде бала Lada Grantа көлігінің доңғалақтарының астына түсіп қалған. Жол апатынан зардап шеккен бала түрлі дене жарақаттарымен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Полицейлер ата-аналардан балаларды қадағалауды күшейтіп, жолда дұрыс жүруге үйретуді сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама