×

Президент сыртқы істер саласында ауыс-түйіс жасады

Марат Тәжин Чех Республикасында елші қызметінен босатылды

 Халық үні 16.06.2023 | 16:47
Фото: Sputnik.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі Төтенше және өкілетті елшісін ауыстырды, деп хабарлады Ақорда.

Бақыт Дүйсенбаев Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елші болды. Ол бұған дейін арқарған Кореядағы елші қызметінен босатылды.

Оның орнына Нұрғали Арыстанов Кореядағы елші лауазымына тағайындалды.

Ақылбек Камалдинов Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болды. Ол Канададағы қызметінен босатылды.

Елдің Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі Асқар Құттықадам Қазақстанның Аустралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы елшісі қызметін қоса атқарушы болды.

Бұған дейін Чех Республикасында елші қызметін атқарған Марат Тәжин қызметінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама