×

Алматыда былтыр 1,7 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

Жолдар салынып, көшелер ұзартылып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 16.06.2023 | 14:45
фото: ашық дереккөз

Былтыр Алматыда 1,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 410 км-ден астам инженерлік желілер салынды және қалпына келтірілді. Бұл туралы қалалық мәслихаттың VI сессиясында экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев айтты.

Оның айтуынша, 2021 жылмен салыстырғанда су құбыры коммуникацияларының тозуы 3,1%-ға, кәріз желілерінің тозуы 2,3%-ға азайған.  

Алматы агломерациясын дамыту аясында көлік желісін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Былтыр Абай даңғылы қала маңымен байланыс орнату үшін қала шекарасына дейін ұзартылды. Төле би көшесі де ұзартылып жатыр.

Қалада 25 шақырым жаңа жол салынып, 200 шақырымнан астам жол жөнделді. Біз тек Наурызбай және Алатау аудандары туралы айтып отырмыз. Осылайша, жақсы жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 86%-ға дейін өсті, – деді ол.

Оның сөзінен белгілі болғандай, жерасты көлік желісі де дамып келеді. 2022 жылы «Б.Момышұлы» мен «Сарыарқа» атты екі жаңа метро станциясы ашылды. Жолаушылар саны 78%-ға, нақтырақ айтсақ, тәулігіне 58,5 мыңға дейін көбейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама