×

Шөкеев пен Әбдірахымовқа қарсы жалған куәлік бермегенім үшін жала жауып отыр – Түркістанның экс-әкімі

Рашид Аюпов сот отырысына онлайн қатысып отыр

 Айгерім Таубай 15.06.2023 | 10:58
Фото: Halyq Uni

Астанада Түркістан мен Кентау қаласының бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұған дейін Аюпов сот отырысына денсаулығына байланысты онлайн қатысуға рұқсат сұраған еді.

Түркістанның бұрынғы әкімі Рашид Аюповке Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясындағы 177-бабы 4-бөлігі Б пункті (ірі көлемдегі алаяқтық), 28-бабы 4-бөлігі (басқа адамды сендіру, пара беру, қорқыту немесе басқа тәсілмен қылмыс жасауға итермелеу), 312-бабы 5-бөлігі (пара беру) бойынша айып тағылған.

Мемлекеттік айыптаушы Раушан Ақшораева айыптау актісін оқығаннан кейін, судья Қажымұқан Мекемтас сотталушының тағылған айыпқа қатысты ойын сұрады.

Құрметті судья! (Өмірзақ) Шөкеев пен (Ғабидолла) Әбдірахымовқа қарсы жалған куәлік беруден бас тартқандықтан, барлық айыпты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ойдан құрастырды. Тағылған айыпты мойындамаймын. Сот процесі барысында шындықты дәлелдеймін», - деді Рашид Аюпов.

Сондай-ақ сот барысында Аюповтың адвокаты Ерлан Макенов қорғауындағы Рашид Аюповтің «грыжасы» бар екенін айтып өтті. Ал Рашид Аюпов судьядан оңалтуға уақыт беруді сұрады.

Санитарлық бөлімде медициналық көмекті толық көлемде алып жатқан жоқпын. Мен осылай тұрмау үшін оңалтуға біраз уақыт беруді сұраймын, - деді Аюпов.

Сондай-ақ экс-әкім ұл-қызының ересек жаста екенін, әкесінің егде жаста екенін айтып, БАҚ өкілдерінің сот залынан ақпарат таратуына шектеу қоюды сұрады. Іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Раушан Ақшораева қарсылық білдірмеді. Судья Қажымұқан Мекемтас сотталушының өтінішін ішінара қанағаттандырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама