×

Алматы тұрғыны есірткі сататынын жасыру үшін контейнерде мал ұстаған

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 13.06.2023 | 17:55
Фото: polisia.kz

Алматыда полиция есірткі зертханасын анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Қалада контейнерлерді тиеп, басқа орынға алып бара жатқан жүргізуші ұсталды. Полицейлер оған контейнерді қала шетіне апарғаны үшін 140 мың теңге төлетінін айтқан.

Алматы қаласы ПД басшысының басшысының орынбасары Дидар Ахановтың айутынша, контейнерлер бұрын Алматы облысы Жамбыл ауданындағы шаруа қожалығында тұрған.

Ол жерден де синтетикалық есірткі өндіретін тағы екі екі контейнер табылды. Ішінен иіс шығып тұр. Басқа жақтан келген екі адам есірткі жасаған. Олар мал ұстаймыз деген желеумен контейнерлерді жалға алған. Тіпті, күдіктілердің 6 бас ірі қара малы да болған. 3 контейнерді тінту кезінде зертханалық колбалар, жалпы салмағы 8 тоннаға жуық сұйықтық құйылған 324 канистр, ерекше иісі бар 70 келіге жуық ақшыл түсті кесек зат табылып тәркіленді, –  деді Аханов.

Дерек Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша бірыңғай тізілімге тіркелді.

Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама