×

Оқу-ағарту министрлігі қашықтан оқыту кезінде бірнеше компанияға артықшылық берген

Министрлік «BilimLand», «Kundelik.kz», «Дарын.online» интернет-платформасын ғана тізімге енгізген

 Халық үні 13.06.2023 | 16:20
Фото: Sputnik.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Оқу-ағарту министрлігіне қатысты тергеп-тексеру жүргізді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тексеру қорытындысы бойынша министрлікке қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Министрлік, білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекітіп, оған сәйкес сабақтарды «BilimLand», «Kundelik.kz», «Дарын.online» интернет-платформасы арқылы өткізуді ұсынған, – делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Осылайша, ақпараттық платформаларға қол жеткізу бойынша жоғарыда аталған компанияларға негізсіз артық мүмкіншіліктер беріліп, аталған қызметті көрсететін өзге компаниялардың бәсекелестік жағдайын шектеген.

Кәсіпкерлік кодекстің 194-бабына сәйкес мұндай актілерді қабылдауға тыйым салынады.

Ресми ақпарат бойынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нұсқамасын орындап, министрлік әдістемелік ұсынымдардың күшін жойды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама