×

«Алматы-Қорғас» тасжолына қатысты тексеріс болып жатыр

Ауа-райының жылынуына байланысты бетон көтерілген. Ақау содан болуы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2023 | 15:11
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Алматы-Қорғас» тасжолына қатысты тексерісті бастады. Бұл жол осыдан бес жыл бұрын ғана пайдалануға берілген еді. Ол 132 млрд теңгеге салынған.

Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша, ақау Алматы-Қорғас тасжолының 190-шақырымында болған. Қазір бұзылған жер жамалған. Агенттіктің Алматы облысындағы өкілдері оқиға орнына барып, мән-жайды анықтап, арнайы тексерісті бастады.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің Алматы облысындағы жол құрылысы 2017 жылы аяқталды. Жолға берілген кепілдік мерзімі 2019 жылы өтіп кеткен, - делінген материалда.

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Бекеновтің айтуынша, қысым болғаннан кейін ауа-райының жылынуына байланысты бетон көтерілген. Ақау содан болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама