×

Әскерге барудан бас тартқандар бір жылға түрмеге қамалады

Армияға барғысы келмегендер жұмысқа тартылады

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2023 | 11:18
фото: ашық дереккөз

Еуропа елдері міндетті әскери қызметті қайта енгізуді бастады. Қазір Еуропаның сегіз мемлекетінде азаматтар үшін Отан алдындағы борышын өтеу парыз болып саналады. Енді 1 шілдеден бастап 8 елдің қатарын Латвия да толықтырады.

Жақында Латвия Парламенті «Мемлекеттік қорғаныс қызметі» туралы заңды қабылдады. Құжатқа сәйкес, бұдан былай 18 бен 27 жастағы ер азаматтар әскерге баруға міндетті.

Қазір Еуропаның сегіз мемлекетінде Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу парыз. Мысалы, кәмелеттік жасқа толған даниялықтар әскерде 4 ай, ал эстондықтар 11 ай болуға тиіс. Скандинав елдерінде Отан алдындағы борышын 19-дан 45-жас аралығындағы азаматтар өтейді. Ал егер армиядан бас тартатын болса, бір жылға түрмеге қамалады. Норвегия мен Швецияда әскерге қыздар да алынады.

Әскерге барғысы келмейтіндерді бір жыл міндетті түрде аурухана, басқа да әлеуметтік мекемелердің жұмысына жұмылдыруды ұсынылуда. Әскерге барғысы келмегендер жұмысқа орналасса Еуропадағы жұмыссыздық мәселесін шешуге және Еуропа жастарының қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді делінген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама