×

Ұлттық ұлан сарбаздары өрт маңындағы ауылдарға жіберілді

Қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындарды көшіру мен зардап шеккендерге көмек көрсету бақылауда болады

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2023 | 10:43
фото: Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

Бүгін Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының шешімімен Семейдегі 5511 әскери бөлімінің 100-ге жуық сарбаздары мен 8 техника Половинка, Каштак, Талица мен Тепкаши ауылдарына жіберілді.

Шығыс» өңірлік қолбасшылығыныңбаспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелдінің айтуынша, әскерилер ауылдарда мородерлікке жол бермеу үшін қоғамдық тәртіпті сақтауға, ауылда қалған кейбір тұрғындарды эвакуациялауға және зардап шеккендерге көмек көрсететін болады. Жауынгерлік қызметке Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рүстем Ақбалин жетекшілік етеді. Барлық жағдай оның жеке қадағалауында болады.  

Қазір Абай облысындағы орманның ауқымды жерін жалмаған өрт әлі толық сөндірілмей, маңайда  орналасқан  ауылдарға қауіп төндіруде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама