×

Қарағанды облысында 158 бала полицияға жеткізілді

Қиын жағдайға тап болған 9 бала уақытша оңалту орталығына орналастырылды

 Динара Амантай 12.06.2023 | 14:40
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында 158 бала полицияға жеткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 7-9 маусым аралығында Қарағанды облысы аумағында республикалық «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген. Аталған шара барысында тәртіп сақшылары түнгі көңіл көтеретін орындар мен компьютерлік орталықтарға рейд жүргізді. Алдын алу іс-шарасы бойынша рейдтік жұмыстарға департамент басшылығы да қадағалау жасап, жасөспірімдердің ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жасөспірімдердің бірі уақыттың түн жарымы болғанына қарамастан компьютерлік орталықта ойын ойнауға келген. Сондықтан тәртіп сақшылары бұл жерге баланың ата-анасын шақырып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Жалпы облыс аумағында өткізілген алдын алу іс-шарасы барысында ішкі істер органдарына түнгі уақытта бейсауат жүрген, сондай-ақ құқық бұзушылыққа бейім 158 бала жеткізілсе, ата-анасы тастап кетіп, қиын жағдайға тап болған 9 бала уақытша оңалту орталығына орналастырылды. Сонымен қатар қолайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан 185 бала мекенжайлары бойынша тексерілді.

Түнгі уақытта, яғни сағат 23.00-ден көшеде және сағат 22.00-ден кейін компьютерлік ойын-сауық орындарда жүрген балалардың ата-аналарына 3 айлық есептік көрсеткіш, ал ойын-сауық орындарының иелеріне 10 айлық есептік мөлшерде айыппұл салынады. Түнгі уақытта көшеге және ойын орындарына балаларыңызды жібермеуңізді сұраймын, – деді Онтүстік-шығыс ПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары Асыл Жұманов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама