×

Атырауда борышкерлерден мемлекет пайдасына 16 млн теңге өндірілді

Айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 294 автокөлік жүргізуші анықталды

 Динара Амантай 12.06.2023 | 12:15
Фото: gov.kz

Атырауда борышкерлерден мемлекет пайдасына 16 млн теңге өндірілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атырау қаласы аумағында 30 мамыр мен 18 маусым аралығында айыппұл төлеуден жалтарып жүрген автокөліктер көбеюіне байланысты «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданған жазаны орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау.

Рейдтік шара басталғалы полиция қызметкерлері жеке сот орындаушылармен бірлесіп атқарған жұмыс барысында айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 294 автокөлік жүргізуші борышкерді анықтап, айыппұл тұрақтарына жеткізілді. Олардан 13 миллион теңгеден аса айыппұл өндірілді. Одан бөлек, учаскелік полиция қызметкерлері жеке сот орындаушылармен бірлесіп 414 борышкердің мекенжайларын аралау барысында әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 218 тұрғын анықтады. Барлығы 3 млн 381 мың 240 теңге мемлекет пайдасына өндірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама