×

Облыс әкімі қыстағы төзімділігі үшін екібастұздықтарға алғыс айтты

Қаладағы жылу желілері әбден тозған

 Дәурен Ерболат 12.06.2023 | 10:25
Фото: t.me/KZgovernment

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласының тұрғындарын қала күнімен құттықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өңір басшысы шаһардың басты байлығы халқы екенін атап өтті.

Өткен қыста сіздер болаттай төзім білдіріп, ерекше табандылық көрсете білдіңіздер. Мен де Екібастұзға бөтен емеспін. Оған мақтанамын: бұл – менің жастық шағымның қаласы. Мен мұнда спорт пен бизнесте алғашқы қадамдарымды жасадым. Ата-анам әлі күнге дейін осында тұрады, - деп жазды Асайын Байханов Іnstagram-дағы парақшасында.

Ол екібастұздықтарды қала күнімен құттықтап, ізгі тілегін айтты.

Осынау айтулы мереке күні мен барлық екібастұздықтарға денсаулық, өркендеу және амандық тілеймін! Біздің қаламыз дамып, өркендей берсін, ал тұрғындар оны мақтан тұтуды тоқтатпаспын!, –  деді облыс әкімі.

Еске салайық, былтыр қарашада Екібастұз жылу электр орталығында ірі апат болған еді. Сол уақытта ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп қатты аяз болды. Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар жылусыз суық пәтерде тұруға мәжбүр болды.

Мамандардың пікірінше, апатқа жылу желілерінің әбден ескіруі себеп болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама