Есірткі жеткізудің ірі арнасы анықталды
19 сәуірде Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу қаласының 43 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында үйінің шатырынан жалпы салмағы 161 келіден астам «кептірілген марихуана» есірткі заты бар 8 қап тәркіленді. Осылайша, есірткі жеткізудің ірі арнасының жолы кесілді, – дейді полиция.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу амалдары аясында осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау бойынша бірқатар жедел-тергеу іс-шарасы жүріп жатыр», – деді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
Петропавлда есірткі сатумен айналысқан әйел ата-ана құқығынан айырылды. Павлодарда жас қыз есірткі таратумен айналысқан. Алматы тұрғыны героиннің аса ірі партиясымен құрықталды. Айыртау ауданында есірткі пайдаланған жүргізуші жол апатына ұшырады. Қазақстанда есірткі тасымалдайтын трансұлттық арна жойылды. Биыл елімізде сегіз есірткі зертханасы жойылды. Астана тұрғыны аса ірі көлемдегі есірткімен құрықталды.