×

Павлодарда жас қыз есірткі таратумен айналысқан

Ол құрықталды

 Халық үні 04.04.2022 | 09:00
фото: polisia.kz

Павлодарда есірткі таратумен айналысқан студент қыз ұсталды.

Арнайы іс-шаралар барысында Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері қалалық жоғары оқу орындарының бірінің 22 жастағы 4-ші курс студентін есірткі таратумен айналысады деген күдікпен құрықтады, – дейді полиция.

Анықталғандай, күдікті есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде жарты жылға жуық жұмыс істеген. Қыз қосымшалардың бірінде күніне 35 мың теңгеге дейін жоғары еңбекақымен жұмыс істеуді ұсынған хабарландыруға назар аударған. Хат алмасу барысында ол тыйым салынған заттарды жеткізіп салу жолымен тарату керек екенін біліп, осынша «тартымды» ұсыныстан бас тартпаған.

«Өзінің қылмыстық әрекетін жасыру үшін қыз бір пәтерді жалдап, ол жерде психотроптық заттардың үлкен партияларын бөлшектеп, қаланың әртүрлі бөліктеріне салып, таратқан. Тәртіп сақшылары салмағы бір жарым грамға дейін түйіншектерге салынған 693 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіледі», – делінген ақпаратта.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды. Сондай-ақ қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын және олардың заңға қарсы әрекет ету фактілерін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама