×

Қостанайда 10-нан аса қызды жезөкшелікпен айналысуға тартқан әйел ұсталды

Ол жергілікті колледж студенттеріне жұмыс ұсынған

 Динара Амантай 08.06.2023 | 13:09
Фото: polisia.kz

Қостанайда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан әйелді ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ Қостанай қаласының 39 жастағы тұрғынын анықтады. Ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұзақ уақыт бойы қалалық колледждердің бірінің жас студенттерін жезөкшелікпен айналысуға тартқан.

Алдымен ол массаж шебері ретінде жұмысқа орналасу туралы сұхбат жүргізіп, кейін ол қыздарға ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсетумен айналысатындықтарын айтқан. Қыздарды ол жеке күзетпен, әртүрлі жалдамалы пәтерлерде клиенттермен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ жеңгетай қысқа мерзімде жақсы табыс табуға уәде берген. Аталған бизнесті ұйымдастырушының жезөкшелікпен айналысуға 10-нан аса қызды тартқаны белгілі болды. Полицейлер қылмыс жасау тетігін және қылмыстың барлық қатысушыларын толық анықтады, – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.

Жалдамалы пәтерлер мен тұрғылықты жерлерге тінту жүргізу барысында жеке заттар, телефондар мен 5 млн теңгеден аса қаражат және 8 мың ресей рублі тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 308-бабы («Жезөкшелікпен айналысуға тарту») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама