×

Серік Күдебаев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді

Күдебаевтың шағымы Жетісу облыстық сотында қаралады

 Халық үні 07.06.2023 | 13:05
Серік Күдебаев, фото: Талдықорғандағы сот отырысынан

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі Күдебаевтың апелляциялық шағымы 29 маусымда қаралатынын хабарлады.

Серік Күдебаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым 29 маусым сағат 15:00-де Жетісу облыстық сотында қаралады, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев 10 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама