×

«АрселорМиттал Теміртау» ауаға азот диоксиді шығарындыларын нормадан бірнеше есе асырған

Меморандумда 2021-2024 жылдары Теміртау қаласының айналасына 500 мың дана ағаш отырғызу көзделген...

 Динара Амантай 07.06.2023 | 12:55
Фото: ашық дереккөз

«АрселорМиттал Теміртау» атмосферадағы азот диоксидінің шекті рұқсат етілген концентрациясынан 2,5 есе асып түсті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қарағанды облысы бойынша экология департаментімен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ санитарлық-қорғау аймағынан атмосфералық ауаның құрамын анықтау мақсатында зертханалық өлшеулер жүргізілді. Зертханалық өлшеулер нәтижесі бойынша азот диоксиді шекті рұқсат етілген концентрациядан 2,5 есе жоғары екені анықталды. Басқа ластаушы заттар бойынша артық заттар табылмаған.

Сондай-ақ ведомство өкілдері Теміртау қаласының атмосфералық ауасын жақсарту мақсатында 2019 жылғы 31 қазанда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен эмиссиялардың нақты көлемін 30%-ға төмендету жөнінде меморандум жасасқанын еске салды. Бұл меморандум атмосфераға зиянды заттардың нақты шығарындыларын 65 мың тоннаға азайтуды көздейді.

Меморандумдағы экологиялық іс-шаралар Қарағанды облысының 2020-2024 жылдарға арналған экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасында көрсетілді. Онда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шығарындыларын азайту бойынша жалпы сомасы 140 млрд теңгеге 22 табиғат қорғау іс-шарасы жоспарланған. Сондай-ақ меморандумда 2021-2024 жылдар кезеңінде Теміртау қаласының айналасына 500 мың дана ағаш отырғызуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар және ЖЭО-ПВС және ЖЭО-2 қазандық цехтарының шығарындылары көздерінде жабдықтарды кезең-кезеңмен орнатуды, атмосфераға шығарындылардың автоматтандырылған өндірістік экологиялық мониторингін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама