×

Жыл басынан бері 45 қазақстандық суға батып кеткен

Суға батқандардың ең көбі – Ақтөбе облысында

 Дәурен Ерболат 06.06.2023 | 11:10
көрнекі фото: yandex.kz

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстанда жыл басынан бері 45 адамның суға кеткенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айутынша, былтыр суға батқандар саны 43% азайғанмен, елдегі жағдай әлі жақсармаған.

Соңғы 3 жылда мыңнан аса адам суға кетті. Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 69 адам құтқарылды. Оның 15-і – бала. Шомылу маусымы басталғаннан бері 11 адам суға кетсе, оның екеуі – бала. Бұл ретте 45 адам суға кетті, оның 14-і кәмелеттік жасқа толмаған. Суға батқандардың көбі – Ақтөбе (5 бала), Абай (5 адам, оның екеуі бала), Қостанай (5 адам) облыстарында, - деді Юрий Ильин.

Министр еліміздегі су айдындарында адамдардың қайғылы жағдайға душар болуының бірнеше себебін атады.

Олар:

  • жабдықталмаған орында шомылу;
  • балаларды қараусыз қалдыру;
  • мас күйде шомылу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама