×

Павлодар облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Қажетті сараптамалар тағайындалды

 Динара Амантай 05.06.2023 | 15:08
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 3 маусымда Павлодар облысының Ақсу қаласында М. Мәметова көшесімен жүріп келе жатқан ВАЗ-2108 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі 50 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам жолды белгіленбеген жерден өткен. Салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Сондай-ақ 4 маусымда Ақтоғай-Шолақсор автожолының 97-шақырымында, Жалаұлы ауылының маңында Volkswagen Passat көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, кюветке түскен. Салдарынан автокөлік жүргізушісі алған дене жарақатынан сол жерде қаза тапты.

Жол-көлік оқиғасы фактілеріне қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

 Автокөліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама