×

«Халықтың жағдайы қиын»: Қазақстанда 100 мың теңге жалақыға жұмыс істейтін қанша адам бар

Депутаттың айтуынша, халықтың орташа жалақысы мен «идеал» жалақысы арасында алшақтық бар

 Дәурен Ерболат 02.06.2023 | 12:04
көрнекі фото: Halyq Uni

Қазақтандықтардың табысы төмендеп, жағдайы нашарлап барады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Мәжілісте AMANAT фракциясының депутаттары «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасының» кешенді жоспарын талқылады.

Мәди Тәкиев бағдарламаны іске асыру халық үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Бағдарлама халық табысының төмендігіне, теңсіздіктер мен жұмыссыздық бойынша негізгі проблемаларды шешуге бағытталған. Бұл мәселелер шешімін таппаса, бағдарламаның ешбір пайдасы болмайды, - деді депутат.

Депутат бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталды.

Соңғы 5 жылда халықтың нақты ақшалай табысының үлесі төмендегені байқалады. 2018-2022 жылдары аралығында 5%-дан пайыздан 2,8%-ға төмендеп кетті. Әрине, оған инфляция айтарлықтай әсер етті. Былтыр ол 20 жылдық рекордқа жетті, - деді Мәди Тәкиев.

Депутаттың айтуынша, халықтың орташа жалақысы мен «идеал» жалақысы арасында алшақтық бар.

«Айырмашылық деңгейі 50%-ға жетті. Бұл қазақстандықтардың жағдайы қиын екенін көрсетеді. Бүгінде халықтың жартысы жетіспеушілік деңгейінде өмір сүріп жатыр. Тұрақты жұмыс істейтін қазақстандықтарға келсек, қазір олардың саны 2 млн-нан асады. Оның 64%-ы немесе 3/1 жұмыс істейтін кедейлерге жатады, яғни олар 100 мыңға дейін жалақы алады. Негізінен 61%-ы ауыл шаруашылығында істейді. Олардың барлығын кедей деп айтуға болмайды. Бірақ бұл мәселені шешу керек», - деп сөзін түйіндеді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама