×

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр

 Еркеғали Болатұлы 28.05.2023 | 15:15
фото: ашық дереккөз

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ШҚО-ға жұмыс сапарымен барып, №3 Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының тұрғындарға қалай кеңес беретінін тексерді.

Біз адамдарға қазір үйден шықпай-ақ кез келген қызметті алуға болатынын және бұл уақытты үнемдейтінін түсіндіруіміз керек. Егер сол адам ХҚКО-ға бір құжатты алу үшін 3-4 рет келсе, онда сіздің қызметкерлеріңіз бәрін дұрыс түсіндірмегені, - деді министр.

Ал ШҚО әкімі Даниал Ахметов жақында Өскеменде барлық талапқа сай келетін жаңа суперцондар мен арнайы ХҚКО пайдалануға берілетінін айтты.

Сонымен қатар, жиын барысында өңір тұрғындары министрге облыстың елді мекендерінде интернет, жасанды интеллект, ұялы байланыс желісінің жоқтығына қатысты сұрақтар қойды.

Өңірдегі 363 елді мекеннің 197-сінде мобильді интернет жоқ. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің ұсынысы бойынша арнайы Жол картасын жасадық. Біз тиісті антенналарды орнатып, мобильді интернет мәселесін 2025 жылға дейін шешеміз, - деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ ол 2022 жылы бүкіл ел бойынша 3500 базалық станция орнатылғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның интернет жылдамдығы жағынан ТМД бойынша көш бастап тұрғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама