×

Алматы маңынан қару-жараққа толы сөмке табылды

Мұқият жасырылған сөмкеде қарудың түр-түрі болған

 Халық үні 19.04.2022 | 16:30
фото: polisia.kz

Қару жасырылған жер шаһардың Алатау ауданындағы кірпіш зауытының жанынан анықталды, дейді полиция.

«Оқ-дәрілер мен қару-жарақ үлкен спорттық сөмкеге ұқыпты салынған. Сонымен қатар қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық жолмен алынған оқ өтпейтін кеудеше және темір қалқан табылды. Сөмкеде граната, 4 тапанша, мылтық, 2 кесілген шолақ мылтық, әртүрлі калибрлі 287 патрон жасырылған. Бұл дерек қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәркіленген арсеналға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ қару жасырылған жердің «авторын» әрі оның тағдырын анықтау бойынша кешенді жедел және арнайы шаралар жүріп жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама