×

Алматыда дәрігерлер денесін 94% күйік шалған пациенттің өмірін сақтап қалды

Қазір пациенттің жағдайы қалпына келу сатысында

 Динара Амантай 24.05.2023 | 14:16
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Денесін 94%-ын күйік шалған ер адам Алматының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ДСМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ол реанимация бөлімшесіне шұғыл түрде емдеуге жатқызылып, реаниматологтар ер адамға 20 күн күтім жасап, қараған. Антон 53 күннен кейін өзі жүріп, үйіне оралды.

Төтенше жағдай 30 наурызда болды. Менің автокөлігімнің аккумуляторы отырып қалды. Оны тұтатқан сәтте от шашырап, үстімдегі киімдерімнің барлығы дерлік жанып кетті. Күйіктер қатты ауырсынуға әкеліп, операцияға төзуге тура келді. Екі айға жуық уақыт бойы дәрігерлер мен үшін күресті, ал бүгін қалыпты жағдайға оралдым. Өзім жүре аламын, өз-өзіме күтім жасай аламын, - дейді Антон.

Ол бір айдан аса уақыт бойы бейінді күйік бөлімшесінде болды. Хирургтар бір мезгілде аутодермопластикамен некрэктомия жасады. Басқаша айтқанда, күйген теріні алып тастап, оның орнына зақымданбаған теріні жамады.

Мен мұны ерекше жағдай деп атайтын едім. 94% I-II-ІІІа-ІІІб дәрежелі бастың, беттің, мойынның, дененің, аяқ-қолдың термиялық жалын күйігі. Қазір пациенттің жағдайы қалпына келу сатысында, - деді Алматының төртінші қалалық ауруханасының комбустиолог дәрігері Диас Дәулетбеков.

Антон өзінің құтқарушыларына алғыс айтып, дәрігерлердің есімдерін жариялауды сұрайды. Олар – №4 МКА бас дәрігерінің емдеу бөлімі бойынша орынбасары Биқоңыров Нұржан Омарұлы, АРҚТБ меңгерушісі Дәулетбеков Жандос Шымыртайұлы, №4 МКА күйік бөлімшесінің меңгерушісі Әлменов Ердос Әділханұлы, дәрігер-комбустиолог Федотов Андрей Анатольевич, дәрігер-комбустиолог Дәулетбаев Диас Ермұханбетұлы және аурухананың орта және кіші медицина қызметкерлері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама